Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Қаратай ауылында мешіт ашылды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 25.06.2021 2180 0 пікір
Павлодар: Қаратай ауылында мешіт ашылды

Павлодар облысы Успен ауданының Қаратай ауылында жаңа мешіт ашылды.

Ауыл халқы жұмыла кірісіп бүгінгі күн талабына сай бой көтерген жаңа мешіт құрылысының ашылу салтанаты жасалды. Оған өңірдің бас имамы Жолдас Қоспақұлы, облыстық Дін істері басқармасының басшысы Дәулет Закариянов, Успен ауданы әкімінің орынбасары Қабиболла Абушахманов және аудандық мәслихат хатшысы қатарлы ресми адамдар қатысты. Облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы бұл сауапты істің демеушісі болған Жоламан Сәкенұлына ҚМДБ-ың Павлодар облысы өкілдігінің атынан арнайы алғыс хат табыс етті.

«Ауылда бұрын да кішкентай ескі мешіт болған, алайда дін жанашыры, кәсіпкер Жоламан Сәкенұлы ағамыз өз қаражатымен бұл мешіттің ашылуына басты демеуші болды» дейді Қаратай ауылдық мешітінің имамы Ардашир Байсельдинов.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру