Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Рухани тәрбие жайлы семинар өтті

amin.kz 24.06.2021 1939 0 пікір
Атырау: Рухани тәрбие жайлы семинар өтті

Атырау қаласы және аудандардан жиналған имамдар үшін өткен семинарды облыстық орталық «Иманғали» мешітінің азаншысы Саламат Иманғалиев өткізді.

«Ихсан ілімі – адамгершілікті, даналықты насихаттайтын ілім. Біз, имамдар, өзіміздің жүріс-тұрысымыз, мінезіміз және іс-әрекетіміз арқылы қоғамға үлгі болуымыз қажет» деді ұстаз Саламат Иманғалиев.

Ислaм – көркем мінез бен әдепке негізделген дін. «Әдеп адамды көрікті етеді. Ихсaн ілімі көркем мінез бен адамға тән күллі әдепті үлгі етеді. Хақ елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдарды осылайша тәрбиелеп, көркем мінезге, жақсы әдепке шақырған болатын. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Муғазға (р.а.) айтқан өсиетін бүкіл үмбетіне және қияметке дейін келетін барша үмбетке айтқаны деп түсінуіміз керек» деп атап өтті ол.

Атап өтейік, Ихсан ілімі адам баласын рухани кеселдерден аулақ болуға шақырады. Ол – жеке тұлғадан бастап, барша қоғам үшін аса пайдалы, маңызы терең, ғибраты мол тәрбие жолы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру