Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Қазалы имамдары семинарға қатысты

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 20.06.2021 2062 0 пікір
Қызылорда: Қазалы имамдары семинарға қатысты

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов Қазалы ауданына жасаған сапарында өңір имамдармен жиналыс өткізді.

Жиналысқа аудан имамы Берік Сүлейменов, Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Дастан Құрманбаев қатысты.

Бас имам Болатбек Ұласқанұлы имамдарға ҚМДБ бекіткен жеті бағытқа жеке-жеке тоқталып түсіндірді. Мүфтият тарапынан атқарылып жатқан игі істерді де тілге тиек етті.

Жиналыс «Рухани тәрбие Ихсан ілімі» аясында имамдарға арналған семинармен аяқталды. Отырыс соңында сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар тыңдалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру