Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Шәкірттерге ақ жол тіледі

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 18.06.2021 3126 0 пікір
Ақтөбе: Шәкірттерге ақ жол тіледі

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов былтырдан бері Алланың үйінде сауат ашып келе жатқан бірнеше шәкіртін ҚМДБ-ға қарасты діни оқу орындарына шығарып салуда.

«Мешіт жанынан ашылған сауат ашу курсында білім алған шәкірттеріміз көп. Солардың ішінен биыл 9 оқушы ары қарай діни білімдерін жалғастыру мақсатында медресе-колледждерге аттанып жатыр. Олардың қатарында 6 ер және 3 қыз бала бар. Араларында мектепті «Алтын белгімен» бітірген үздіктер де бар» деп Нұрсұлтан имам қуанышымен бөлісті.

Алдағы уақытта аталмыш шәкірттер «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті мен медресе-колледждерге талапкер ретінде ұсынылып, емтихан тапсырады. Мешіт атынан білім жолына шыққан шәкірттерге қаржылай көмек беріліп, мешіт ақсақалы Талап молда жастарға ақ батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру