Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Бас имам Қаратөбе тұрғындарымен кездесті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 18.06.2021 2779 0 пікір
БҚО: Бас имам Қаратөбе тұрғындарымен кездесті

Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Сабралиев Қаратөбе ауданына арнайы іс-сапарымен барды.

Аудан әкімі Жанат Асантаев облыс имамы Бақытжан Құралбайұлы мен Қаратөбе мешітінің бас имамы Әділжан Бекқазиевті қабылдап, ауданның діни ахуалы жөнінде ой-пікірлерімен бөлісті. Жанат Асылханұлы кездесуде аудандағы діни тұрақтылықты насихаттауда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, дін мамандарының атқарып жатырған жұмыстарына оң бағасын берді.

Облыстан келген бас имам өз ұсыныстарын айта келе мешіт жанынан салынып жатырған асхана құрлысына жәрдемдесу, ауылдық елді мекендерде одан әрі насихат жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы жағдай туғызу, руханиятқа қатысты бірқатар мәселелерге қолдау білдіруге шақырды. Аудан әкімі айтылған ұсыныстарға қолдау білдіруге шақырды.

Одан әрі Бақытжан Сабралиев аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесіп, діннің қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, жаназа тәртібі, садақадағы ас мәзірі, зираттарды салу мәселесін айтып, аудан тұрғындарының тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ бас имам Қаратөбе аудандық мұсылмандар мешітінде намазға жиналған жамағатпен кездесіп, ынтымақ, бірлік, ауызбіршілік жайында уағыз-насихат айтып, жиналған жамағаттың сауалдарына жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру