Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Бас имамның Қазалыға сапары

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 18.06.2021 2840 0 пікір
Қызылорда: Бас имамның Қазалыға сапары

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Қазалы ауданына арнайы іссапармен барды.

Алдымен ауданның әкімі Мұхтар Оразбаевпен кездесіп, өлкедегі діни ахуал мен мешіттердің тыныс-тіршілігі туралы сөз қозғалды. Кездесуге Қазалы ауданының бас имамы Берік Сүлейменов, аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев пен РАНТ мүшесі Дастан Құрманбаев қатысты.

Бұдан кейін Болатбек Ұласқанұлы Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» орталық мешітінде мешіт жамағатымен жүздесіп, тағылымды насихат айтты. Сапар барысында құлшылық үйінің тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ мешіт шәкірттері арасында өткен «Намаз – діннің тірегі» атты білім сайысына қатысып, шәкірттердің таланты мен білімділігіне куә болып, шәкірттерге игі тілегін жолдады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру