Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Қала әкімінің марапаты табысталды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 18.05.2021 2509 0 пікір
Шымкент: Қала әкімінің марапаты табысталды

Қасиетті Рамазан айында түрлі деңгедегі қайырымдылық шараларын ұйымдастырған бірқатар азаматтарға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің атынан алғыс хат табысталды.

Қала әкімінің арнайы жолдаған алғыс хатын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов табыс етіп, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Шымкент – қайырымды қала» жобасы аясында аянбай қызмет етуге шақырды.

Алғыс хатқа «Зекет және қайырымдылық» қорының Шымкент қаласындағы өкілі Айбек Азимбаев және Алжан Садиев, Ержігіт Досымбаев, Нығмет Айдаров, Ерхан Әбіш т.б кәсіпкер азаматтар ие болды.

Айта кетейік, қасиетті Рамазан айында қаладағы 32 мешіт тарапынан 42 255 адамға (су, құрма, нан, конфет, ыстық тамақ, салат, айран т.б) «Ауызашар себеті» үлестірілсе, кәсіпкерлер мен мешіт жамағаты тарапынан 32 500 мұқтаж отбасыға азық-түлік (ұн, май, шәй, күріш, қант, тұз, ет және макарон өнімдері, тәттілер, құрма, картоп, пияз, сәбіз, т.б) салынған «Рамазан қоржыны» таратылып, жеткізілді. Жалпы қасиетті айда 74 755 мұқтаж отбасыға көмек берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру