Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бір айда 78 970 мұқтаж отбасыға көмектесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 18.05.2021 2308 0 пікір
ШҚО: Бір айда 78 970 мұқтаж отбасыға көмектесті

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Өскемен аймақтық өкілдігі қасиетті Рамазан айында 78 970 мұқтаж отбасыға көмектесті.

Жалпы ораза кезінде өңірде 347 іс-шара ұйымдастырылды. 789 отбасыға өңір мешіттері қаржылай, 1234 отбасыға зекет малы таратылды. Өскемен аймағы мешіттері 1230 отбасыға «Берекелі Рамазан» ауызашар қоржынын үлестірді.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Өскемен аймағындағы өкілі Берік Кәдірұлы бұл сауапты іс туралы: «Дінімізде қасиетті Рамазан айында мұқтаждарға көмек көрсету, аса сауапты амал делінген. Аз қамтылған отбасыларды қолдау бағытында, оларға қасиетті Рамазан айында аймақ мешіттері мүмкіндігінше көмек көрсетті» деп атап өтті. Ол осынау қайырымдылық шарасына атсалысқан кәсіпкерлерге алғыс білдірді.

Рамазан қайырымдылығына өңірге қарасты аудандар мен ауылдық мешіттер ерекше атсалысты. Сонымен қатар мұқтаж отбасыларға азық-түлік қораптарын таратуға жергілікті ерікті жастар, дін қызметкерлері мен шәкірттер белсенді көмек көрсетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру