Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Қармақшыдағы қайырымды істер

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 17.05.2021 2169 0 пікір
Қызылорда: Қармақшыдағы қайырымды істер

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Қармақшы ауданына арнайы іссапармен барды.

Сапар барысында бас имам жыраулар өлкесінде ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шараларына қатысты.

Нақтырақ айтар болсақ, өңірдегі алты бала тәрбиелеп отырған мүмкіндігі шектеулі ерлі-зайыптыларға жаңа пәтер кілтін табыстап, қуанышты сәтіне куә болды. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының республикалық «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша 388-баспана қармақшылық жанұяға бұйырды.

Бұдан кейін бас имам үйі өртеніп, қиындыққа ұшыраған екі отбасыға 100 000тг көлеміндегі қаржылай көмек пен 50 отбасыға азық-түлік қоржындарын табыстады.

Шара соңында Болатбек Ұласқанұлы Қармақшыдағы қайырымды істердің жүзеге асуына үлес қосқан жергілікті жанашыр азаматтар мен 1991 жылы туған Тәуелсіздік құрдастарына алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру