Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Аудандық мешітте Құран жарысы өтті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 17.05.2021 2599 0 пікір
БҚО: Аудандық мешітте Құран жарысы өтті

Рамазан айында БҚО Бөрлі аудандық мұсылмандар мешіті және «Парасат» ҚБ ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында «Құран түскен Рамазан» тақырыбында құран оқудан сайыс өтті.

Аталмыш шара дәстүрлі түрде жыл сайын жалғасын тауып келеді. Жарыстың мақсаты – дәстүрлі дінімізді насихаттау, жамағат арасында ауызбіршілікті арттыру және жамағаттың білім деңгейін көтеру. Жарыстан жүлделі орын алған жамағаттарға сыйлықтар табыс етілді.

Тағылымды жарыста І орынды Демешов Азамат жеңіп алса, ІІ орынды Хан Феродж еншіледі. Ал ІІІ орын Хусайнов Бауыржанға бұйырды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру