Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Рамазанда 6871 отбасыға 53 тонна азық-түлік таратылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 17.05.2021 2068 0 пікір
Ақтөбе: Рамазанда 6871 отбасыға 53 тонна азық-түлік таратылды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу үшін арнайы жоспар бекітіп берген болатын. Мінеки көзді ашып-жұмғанша бір ай зуылдап өте шықты. Ақтөбе өңірінде Рамазан айы бойы атқарылған игі іс-шаралар қорытындыланды.

ҚМДБ негізгі 7 бағытының бірі – қайырымдылық. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Республика көлемінде Рамазан айының әр сәтінде мұқтаждардың мұңымен бөлісіп, көңілдерге қуаныш сыйлау мақсатында үлкен жобалар арқылы қайырымдылық акцияларын Алланың қалауымен іске асырды.

Қордың Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі облысқа қарасты мешіттердің діни қызметкерлері мен жергілікті жомарт азаматтардың демеушілігімен әрі ерікті жамағаттың күшімен жақсылықтың сауаптары еселенетін қасиетті айда әртүрлі игі қайырымдылықтар атқарды.

Солардың қатарында, «Рамазан керуені» акциясы аясында 1000 отбасыға 18 тонна 394 келі, «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» акциясы аясында 961 отбасыға 21 тонна 40 келі, «Қайырымды жұма» акциясы аясында 30 отбасыға 568 келі, «Мұқтаждың мұнын бөліс» акциясы аясында 36 отбасыға 584 келі, «Тайқазан» жобасы аясында 130 отбасыға 910 келі, «Аналарға алғыс» акциясы аясында 350 отбасыға 7 тонна 866 келі, «Жетім көрсең жебей жүр» акциясы аясында 82 отбасыға 1 тонна 335 келі, «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында 134 дәрігерге 1 тонна 538 келі азық-түлік таратылды.

Сондай-ақ, «Қолдан-қолға» акциясы аясында 199 отбасыға 6 183 000 теңге, «Үміт сыйла сәбиге» акциясы аясында 2 сыртқат балаға 1 миллион теңге және «Мүфтидің гранты» аясында 1 шәкіртке 130 000 теңге қаржылай көмек көрсетілді.

Рамазан айында ауыз бекіткен 3823 кісіге 5 449 400 теңгеге ауызашар қоржындары үлестіріліп, 2 отбасыға 48 000 теңге қаражатқа киім-кешек алынып берілді. «Нәпіл құрбандық» акциясы бойынша 121 отбасыға 827 келі құрбандық еттері таратылып, 1 333 000 теңге жұмсалды.

2 миллион теңге қаражатқа 1 мешітке жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тағы 1 мешітке дыбыс күшейткіш құрылғылары алынды.

Жалпы алғанда Рамазан айында атқарылған қайырымдылық шараларында 6871 отбасыға 53 тонна 62 келі азық-түлік таратылып, 38 миллион 394 мың 490 теңге қаражат жұмсалған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру