Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЕДРЕСЕ ТҮЛЕКТЕРІ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 15.05.2021 5425 0 пікір
МЕДРЕСЕ ТҮЛЕКТЕРІ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, елордадағы «Астана» және Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медреселерінде шәкірт тәрбиелеп, өзіндік ізін қалдырған Хасан Аманқұловқа шәкірттері құрмет көрсетіп, Ораза айтта ерекше сый жасады.

Медресе түлектері бүгінде Діни басқарманың Шариғат және пәтуа бөлімінде қызмет атқарып жүрген Хасан Ташайұлына ұлық мерекеде темір тұлпарды тарту етті. 

Дін мамандарын даярлауда қажырлы еңбек сіңіріп, шәкірттерін имандылыққа ұйытып, халқымызды игілікке бастап, асыл дініміздің өркендеу жолында игі істерге ұйытқы болып келе жатқан ұстаздарымыз жеткілікті. Сондай ұстаздардың тәрбиесін алған шәкірттер бүгінде еліміздің әр аймағында дін исламды насихаттау жолында қызмет етуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру