Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау мешіттерінде жамағатқа ерекше сый жасалды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 14.05.2021 2239 0 пікір
Атырау мешіттерінде жамағатқа ерекше сый жасалды

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен мешітке келуші жамағатқа айттық ретінде діни кітаптар сыйға тартылды.

«Ислам таластыра ма, жарастыра ма?», «100 сұрақ» кітапшалары орталық «Иманғали» мешітінде және облыс бойынша қала, аудан, ауыл мешіттерінде жамағатқа үлестірілді.

Осындай игі шара Жылыой орталық мешітінде де өтті. Алтынбек Ұтысханұлының аманатын Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев жергілікті ақсақалдарға, аналарға жеткізіп, айтпен құттықтап шықты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру