Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Қайырымға толы ай өтті

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 14.05.2021 2425 0 пікір
Талдықорған: Қайырымға толы ай өтті

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап, Айт мерекесіне дейін мейірім мен қайырымға толы сауапты амалдар Талдықорған өңірінде тоқтаған емес.

Өңірдегі мешіт жанашырлары және имам-ұстаздар қасиетті айда қырағылық танытып, аудан-қала, ауыл мешіттерінің имамдары сауапты да жауапты іске белсене араласқанына ел куә.

Атап айтсақ, Рамазан айының әр күнінде ораза ұстаған жандарға күнделікті ауызашар дәмі әзірленіп, үйлеріне жеткізіліп отырды.

Сонымен қатар, осы күнге дейін 35 000 адамға ауызашар берілсе, 23 000 отбасыға « Қайырымдылық қоржыны, «Берекелі Рамазан керуені», «Рамазан базарлығы», «Қайырымды болсаң, қайырын өзің көресің», «Айттық дастархан», «Ауыз ти» және т.б атаумен түрлі акциялар ұйымдастырылып, аталмыш шараларға 31 200 000 теңге қаражат жұмсалған екен.

Аталмыш, игі шаралардың жоғарғы деңгейде өтуіне мешіт демеушілерінің қолдауы септігін тигізсе, одан бөлек, мешітке түскен підия, пітір садақа әрі жамағаттан жеткен көмектердің жұмсалғанын ерекше айтып өткен жөн.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру