Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: 1 миллион теңге зекет үлестірілді

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 13.05.2021 2951 0 пікір
Ақтөбе: 1 миллион теңге зекет үлестірілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысындағы жауапты өкілі Алмат Амангелдіұлының ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Айжарық» шаруа қожалығының басшысы Қажымұқан Тыныштықұлы мұқтаж отбасыларға зекетін үлестірді.

Қайырымдылық шарасында сөз алған облыстың бас имамы Төлеби Оспан жиналған қауымға қайырымдылық пен жақсылықтың сауабы жайлы уағыз-насихат айтты.

«Зекет – табысты берекелендіріп, кәсібі мен отбасына құт әкеледі. Мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жатқан Қажымұқан Тыныштықұлына алғыс білдіреміз. Ауқымды қаражатты зекет ретінде таратуы – жомарттығы әрі Алланың әміріне бағынуы деп білеміз. Алла сарқылмас сауаптар жазсын!» деді бас имам.

Көмек әртүрлі санаттағы мұқтаж және көпбалалы отбасылар мен Ақтөбе медресе-колледжінің шәкірттеріне берілді. Мұқтаж 30 адамға жалпы ақшалай 1 млн теңге таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру