Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: 74 755 мұқтаж отбасыға көмек берілді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 13.05.2021 2473 0 пікір
Шымкент: 74 755 мұқтаж отбасыға көмек берілді

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған  «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шараларының қорытынды есебі жасалды.

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Шымкент – қайырымды қала» жобасы аясында қала әкімі Мұрат Әйтеновке жолдаған ұсынысы қолдау тауып, Шымкент қаласының әкімдігі мен Кәсіпкерлік Палатасы, ірі сауда орталықтарының басшылығы, жеке кәсіпкерлер және мешіт жамағаты тарапынан ауқымды түрде қайырымдылық шаралар ұйымдастырылды.  Қайырымдылық шаралар бір ай бойы кезек-кезегімен эстафета түрінде жалғасатын тапты.  

Түйіндеп айтқанда, қаладағы 32 мешіт тарапынан 42 255 адамға (су, құрма, нан, конфет, ыстық тамақ, салат, айран т.б) «Ауызашар себеті» үлестірілсе,  ал жалпы кәсіпкерлер мен мешіт жамағаты тарапынан  32 500 мұқтаж отбасыға азық-түлік (ұн, май, шәй, күріш, қант, тұз, ет және макарон өнімдері, тәттілер, құрма, картоп, пияз, сәбіз, т.б. ) салынған «Рамазан қоржыны» таратылып, жеткізілді.

Аталмыш шара барысында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Шымкенттегі өкілдігі мен ҚМДБ Жастар ісі секторының өңірдегі өкілдері ерікті түрде қызмет етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру