Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ОРАЗА АЙТ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

muftyat.kz 13.05.2021 2160 0 пікір
СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ОРАЗА АЙТ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздің барша мұсылман қауымын қасиетті Ораза айт мейрамымен құттықтады.

«Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Бұл – адамзатты береке-бірлікке шақыратын және қайырымдылық пен қарапайымдылықты дәріптейтін қастерлі мейрам. Дәл осы күндері мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қамқорлық таныту игі дәстүрге айналды. Мұндай ізгі амалдар елдің ынтымағын арттыра түсетіні сөзсіз. Әсіресе, қазіргідей күрделі кезеңде оның маңызы аса зор. Сондықтан айт мерекесін имандылықпен бірге адамгершіліктің де өзегі деп қабылдаймыз» деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ Сенат Төрағасы «Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Әр шаңырақ шаттыққа кенеліп, Отанымыз өркендей берсін!» деген игі тілегін де жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру