Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Жарапазан эстафетасын жалғады

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 11.05.2021 2662 0 пікір
Өскемен: Жарапазан эстафетасын жалғады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айының сүйіншісі саналатын насихат жырдың төресі, игі дәстүріміз – Жарапазанды жаңғырту мақсатында еліміздің барлық мекемелері мен тұрғындарына «Айтайық Жарапазан елімізге!» атты эстафета жариялаған болатын.

Аталған эстафетаны Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітіні жалғады. Облысқа танымал өнерпаздар белгілі тұлғаларға және ақсақалдарға барып, қазақтың дәстүрімен жарапазан айтып, тілек тіледі.

«Жарапазан – ұлтымыздың салт дәстүріндегі бірегей құндылық. Халқымыздың жарапазан айту салтын жаңғыртып, қайта ұсынып жүрген өнерпаздарды қолдап, осы шараны іске асырып отырмыз» деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.

Жарапазан айтылған шаңырақ иелері ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру