Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Шейх Мұхаммед Садық» мешіті 4000 адамға ауызашар берді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 11.05.2021 2422 0 пікір
«Шейх Мұхаммед Садық» мешіті 4000 адамға ауызашар берді

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ-ның Шымкент қалалық өкілдігінде қасиетті айда «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» қайырымдылық шаралары тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Шымкент қаласындағы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің бас имамы Бекайдар қажы Әміренің тікелей ұйытқы болуымен қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бүгінге дейін ораза тұтқан азаматтарға ауызашар себеті таратылып келеді. Жалпы 4000 адамға ауызашар себеті үлестірілді.

Осы шараға қаржылай қолдау көрсеткен азаматтарға Алла Тағала разы болсын!  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру