Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Аудан имамы соғыс ардагерін құттықтады

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 11.05.2021 3498 0 пікір
БҚО: Аудан имамы соғыс ардагерін құттықтады

Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал мешітінің бас имамы Тілепберген  Ахмеджанұлы соғыс ардагері Жұбат Сақыпұлының отбасына барып, Жеңіс  күні мерекесімен құттықтап, арнайы сыйлық табыстады.

Қаһарлы, қатал қаншама жылдар бойы қаһармандықпен соғысқан  миллиондаған адамның қатарында қан майданда Жұбат ағамыз да ерлікпен шайқасты. Ол Ростов-на-Дону, Орел, Курск қалалары мен селоларын жау  қолынан азат етуге атсалысты.

Майдангер ағамыз Жұбат Сарсенбиев бүгінде 98 жаста. Осы жүздесудің  өскелең ұрпаққа берері мол. Өйткені соғыс ардагерлері майдандас жолдастарын еске алып, қанды қырғындағы бастан кешкендерін шынайы әңгімеледі. Мұның өзі бүгінгі ұрпақтың бойындағы елжандылық қасиеттің кеңінен өрістеуіне жол ашатыны анық.

Кездесу соңында бас имам Тлепберген Ахмеджанұлы соғыста қаза болғандардың рухына арнап дұға бағыштады. Бас имамның көрсеткен құрметіне ардагер ағамыз ризашылық білдіріп, еліміздің жеріміздің амандығын тілеп, бата берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру