Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: 500 отбасыға азық-түлік үлестірілді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 10.05.2021 2300 0 пікір
Ақтөбе: 500 отбасыға азық-түлік үлестірілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының жоспарына сәйкес, Рамазан айының соңғы аптасындағы ізгі іс-шаралар «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» акциясымен қорытындыланды.

Осыған орай, «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ауласында ауқымды қайырымдылық шарасы өтті.

Марат Қойлыбаевтың бастамасымен «Асан» компаниясының демеушілігімен мешітке келіп өтініш білдірген мұқтаж, көпбалалы 500 отбасыға азық-түлік таратылды.

Бас имам Төлеби Оспан шараға арнайы шақыртылған ауған соғысы ардагерлеріне, Чернобыль апатында зардап шеккен жандарға азық-түлік қапшықтарын табыстады.

Сауабы еселенетін қасиетті Рамазан айында таратылған 12 тонна 500 келі азық-түліктерге жалпы көлемі 5 миллион теңге қаражат жұмсалды.

Ерікті жамағат жүк және жеңіл көліктерге қайырымдылық заттарын тиеп, мұқтаждардың үйлеріне жеткізіп берді. Ақтөбе өкілдігі шараға атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру