Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы Орталық мешіті Қадір түнін онлайн өткізді

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 09.05.2021 2975 0 пікір
Алматы Орталық мешіті Қадір түнін онлайн өткізді

Алматы қалалық орталық мешіті арнайы түзілген бағдарламамен Қадір түнін онлайн форматта атап өтті. 

Мың айдан қайырлы болған Қадір түнінің шағын бағдарламасын Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай құттықтау сөз сөйлеп ашып берді. Бас имам өз сөзінде, ең алдымен, ораза ұстаушылардың ниеттері қабыл болсын деп, Қадір түнінің артықшылықтары мен Алла Тағала ақ пен қараны ажыратушы етіп осы түнде түсірген Құран Кәрімнің қадір-қасиеті туралы айтты. Рамазан айында жасаған әрбір жақсылықтың Алланың кеңшілігімен амал дәптерімізге оннан жеті жүз есеге дейін, тіпті кімге қаласа одан да арттырып сауап жазатынын ескертіп, баршаны ізгілікке тілеулес болуға шақырды. Сонымен қатар, еліміздегі пандемиялық жағдайлар артта қалып, төрт көзіміз түгел аман-есен жақсы күндерге жете берейік деп дұға етті.                         

Сосын қаланың бас имамы Рамазан айының құрметіне ұйымдастырылған бүлдіршіндер арасындағы онлайн Құран жарысының жеңімпаздарын марапаттады. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан құрансүйер бүлдіршіндерімізге қаржылай жүлделері жеке шоттарына жіберіледі. 

Одан кейін Алматы қаласы Алмалы аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре «Дұғаның әдептері», Нұр-Мүбарак универмитетінің ұстазы Ризабек Батталұлы «Истиғфар (Кешірім тілеу)», ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлы «Рамазанмен қоштасу тақырыбында тәлімі мол уағыздарын айтты.    

Жез таңдай, бұлбұл көмей қариларымыз Баубек Бердіғалиұлы және Қ.Базарханұлы нақышына келтіріп Құранды мәнерлеп оқыды. Ал, Алматы қаласы Бостандық аудандық «Байкен» мешітінің наиб имамы Нұрболат Дүйсебаев көрермендердің толғандырған сұрақтарына онлайн жауап берді. 

Қадір түніне арналған бағдарламаның соңында қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы үшін дұға етіп, әрбір шаңыраққа бақ-береке тіледі.   

Қадір түніне арналған бағдарламаны Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Ашимов Қасым жүргізді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру