Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қадір түнін Алматы Орталық мешітінен онлайн тамашалаңыз!

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 08.05.2021 2936 0 пікір
Қадір түнін Алматы Орталық мешітінен онлайн тамашалаңыз!

Құрметті қала тұрғындары, қадірлі мұсылман бауырлар!


Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір түні мамыр айының 8-нан 9-на қараған түнге сәйкес келіп отыр. Осы ретте, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қадір түнін өткізу туралы үндеуіне орай, баршаңызды Қадір түнін өз үйлеріңізде өткізу қажеттігін қаперлеріңізге саламыз. 

Дегенмен сіздердің мың айдан қайырлы болған түнді сауапты әрі пайдалы өткізулеріңіз үшін Алматы Орталық мешіті Қадір түнінде өтетін шаралардың онлайн бағдарламасын назарларыңызға ұсынады. Алла Тағала Қадір түні тілегін дұғаларымыз бен ниеттерімізді қабыл етсін.  

Сондай-ақ, Алматы Орталық мешітінде Қадір түні өтетін шаралардың онлайн бағдарламасын 22:00-ден 00:00-ге дейінгі уақыт аралығында Azan.kz youtube желісіндегі каналы мен Azan_1 instagram парақшасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру