Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Отбасылық онлайн сайыс өтуде

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 08.05.2021 2199 0 пікір
Ақтөбе: Отбасылық онлайн сайыс өтуде

ҚМДБ қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде атап өту мақсатында «Рамазан – отбасы айы» айдарымен түрлі отбасылық іс-шаралар өткізуді күн тәртібіне қойған болатын.

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі,  ұстаз Кенжегүл Қошқарованың ұйымдастыруымен «Шаңыраққа шуақ шашқан Рамазан» атты отбасылар арасында онлайн байқау жарияланды. Байқау Әйел-қыздар секторының инстаграм желісі арқылы өтіп, сайысқа 30 отбасы қатысты.

Байқау шарттары бойынша Рамазан айында отбасында мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, үй ішін безендіріп, отбасылық жағдайда қалай атап өту керектігін көрсету керек болатын. Талапқа сай әр отбасы бала-шағасымен өз дайындықтарын видеороликке түсіріп, үй ішін безендіріп, өлең-жыр шумақтарымен қасиетті айдың маңыздылығын жеткізді.

Алдағы уақытта инстаграм желісі арқылы жеңімпаз отбасылар көпшіліктің дауыс беруімен анықталады. Сонымен қатар бағалы сыйлықтар мен ынталандыру жүлделері беріледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру