Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: 50 отбасыға қайырымдылық жасалды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 08.05.2021 2105 0 пікір
ШҚО: 50 отбасыға қайырымдылық жасалды

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мешіті ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі өкілдігінің қолдауымен 50 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.

Аудандық мешіт тұрмысы төмен отбасылардың тізімін жасап, сол бойынша әркез қайырымдылық шарасын ұйымдастырып келеді. «Мұқтаж отбасыларыға Рамазан айында азық-түлік қайырымдылығын жасап отырмыз. Қасиетті айда сауапты іс жасау маңызды. Шара алдағы уақытта да жалғасады» деді Күршім аудандық мешітінің бас имамы Тілейбек Соянұлы.

Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар мешіт қолдауына алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру