Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал: Атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізіледі

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 22.01.2021 2129 0 пікір
Орал: Атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізіледі

Орал орталық мешітінде Батыс Қазақстан облысының бас имамы Мұратбек Мұхтарханұлының төрағалығымен қала, аудан имамдарының жиыны өтті.

Басқосуға аудан имамдары онлайн және қала имамдары қатысты. Жиында ҚМДБ-ның Төралқа мәжілісінде қаралған тапсырмалар имамдарға таныстырылды. Діни басқарма бекіткен 7 бағыттағы  ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат ағымдармен жұмыс жайын бас имам  Мұратбек Қыстаубаев аудан, қала имамдарына тапсырды.

2021 жылы облыс бойынша атқарылатын іс-шаралар бекітіліп, негізгі бағыты жоспарға енгізілді. Мұратбек Мұхтарханұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти хазіреттің бастамасымен құрылған «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы қызметі, рухани тәрбие Ихсан ілімі жұмысын таныстырып, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру туралы арнаулы тапсырма берді.  

Сондай-ақ биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жұмыс жоспары бекітілді. ҚМДБ тапсырмаларын уақытылы орындау, айлық есептерге жауапкершілікпен қарау керектігі айтылды. Барлық бағыт бойынша атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізілетіні ескертілді. 

       

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру