Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Жоспар құрылып, жобалар талқыланды

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 21.01.2021 2148 0 пікір
Қарағанды: Жоспар құрылып, жобалар талқыланды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ-ның Төралқа мәжілісінде қабылданған 7 бағыт бойынша облыс, қала, ауданның дін қызметкерлеріне таныстыру жиыны өтті.

Жиынға Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы және аудан имамдары мен діни оңалтуға жауапты мамандар қатысты. Өңірдің бас имамы 7 бағытқа және бұдан бұрын қабылданған үш құжатқа арнайы тоқталып, дін қызметкерлеріне бірнеше тапсырма жүктеді.  

Сонымен қатар биылғы жылға көптеген мақсаттар мен жоспарлар енгізіліп, жобалар талқыға салынды. Қабылданған әрбір құжат бойынша облысқа қарасты барлық аймаққа арнайы тапырмалар беріліп, істі жауапкершіліктпен атқару міндеті жүктелді.

Сондай-ақ биыл Тәуелсіздікке 30 жыл толуына орай арнайы жобалар мен шараларды жүзеге асыру міндеті жолға қойылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру