Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Республикалық азаншылар жарысына жолдама берілді (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 28.09.2020 2467 0 пікір
Шымкент: Республикалық азаншылар жарысына жолдама берілді (ФОТО)

Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына арналған IV республикалық «Әдемі әуезді азаншы» атты азаншылардың іріктеу жарысы ұйымдастырылды.

Жарысты дінтанушы Азамат Әбдікерімұлы жүргізіп отырды. Алғашқы құттықтау сөзді Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов алып, ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына арналған республикалық деңгейде өтетін жарыстың маңыздылығына айрықша тоқталып, іріктеу жарысына қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа барлық талаптары мен ережелерінен өткен 25 азаншы іріктелініп, қатыстырылды. Іріктеу жарысына білікті һәм тәжірибелі имам, ұстаздар төрелік етті. Атап айтқанда, қаланың бас имам Бақдәулет Нұрматұлы, найб имамдар Еркебұлан Қарақұлов, Қазыбек Сарыбаев және ұстаз Нұрсұлтан қари Мамедалиевтер әділ бағаларын берді.

Іріктеу жарыстың ережелері мен талаптарынан сүрінбей өтіп, бірінші орын иегері Әл-Фараби ауданы «А.Қаттани» мешітінің азаншысы Самат Шыналиевке республикалық азаншылар жарысына жолдама берілді.

Айта кетсек, жарыста жүлделі орын алған азаншыларға сый-сияпаттар мен диплом берілсе, ал қалған қатысушы азаншыларға қала имамы атынан алғыс хат табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру