Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Оңалту тақырыбындағы семинар өтті

amin.kz 26.09.2020 2375 0 пікір
Атырау: Оңалту тақырыбындағы семинар өтті

Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерді оңалту тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға Атырау облысына қарасты Қызылқоға, Мақат, Махамбет, Индер, Исатай, Жылыой және Құрманғазы аудандық мешіттерінің бас имамдары және «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теологтары қатысты.

Жиын барысында жеке кездесулер өткізу, жамағатқа насихат айтудың әдістері секілді маңызды тақырыптар талқыланды. Басқосу соңында дін мамандары өзекті сауалдар бойынша жауап алды.

Семинарды орталық «Иманғали» мешіті мен «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру