Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Республикалық азаншылар жарысына жолдама алды

Павлодар облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 24.09.2020 2319 0 пікір
Павлодар: Республикалық азаншылар жарысына жолдама алды

Павлодар облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына арналған IV республикалық «Әдемі әуезді азаншы» атты азаншылар сайысының іріктеу кезеңі өтті.

Сайысқа өңірдегі қала, аудан мешіттерінен іріктелген 13 азаншы қатысты. Бәйгеге «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Серік Темірғалиев, аталмыш мешіт ұстазы Дәулет Рүстемов және ақын Қуаныш Шарманов төрелік жасап, нақышына келтіре айтқан азаншыларды сыннан өткізді.

Азаншыларға әділ баға беріліп, жақсы әуен, жағымды дауысымен топ жарған Екібастұз қалалық мешітінің ұстазы Акбарқожа Юнусов Республикалық азаншылар жарысына жолдаманы алды. Ал жүлделі екінші және үшінші орындарды қалалық «Бижан» мешітінің наиб имамы Арман Қайыргелді мен қалалық «Ақмешіт» мешітінің ұстазы Рахат Әбілдаев қанжығасына байлады.

Сайыс соңында Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы қатысушыларға арнап сөз сөйлеп, марапатын табыстады. Сайыс өңірлік БАҚ арқылы насихатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру