Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Осакаровка ауданының діни ахуалымен танысты

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 24.09.2020 2918 0 пікір
Қарағанды: Осакаровка ауданының діни ахуалымен танысты

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлының тапсырмасымен «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей және наиб имам Талғат Ильмеев Осакаровка ауданына қызметтік іс-сапармен барды.

Кездесу аймақ музейінен басталып, облыстан арнайы келген қонақтар ғимараттың көрмесіндегі тарихи жәдігерлермен танысты. Сапар барысында ауданға қарасты мешіттер мен мешіт қызметкерлеріне арнайы жиын өткізіп, қазіргі ахуалға байланысты туындаған өзекті мәселелер мен мешіттердің қысқы дайындығын пысықтады. Сондай-ақ ауданға қарасты екі мешітке бір ай көлемінде дін қызметкерлерін тағайындау мәселесі қолға алынатыны айтылды.

Қызметтік іс-сапар барысында Осакаровка ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Дана Молдабаевамен кездесіп, өңірдің діни ахуалын талқыға салды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру