Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халал Даму»: «Good food» фаст-фуд өнімдері сертификатталды

«Халал Даму» ЖШС halaldamu.kz 23.09.2020 2899 0 пікір
«Халал Даму»: «Good food» фаст-фуд өнімдері сертификатталды

Ақтөбе қаласындағы «Good food» фаст-фуд өнімдері «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.

Облыстың бас имамы Төлеби Оспан «Good food» дәмханасына арнайы барып, фаст-фуд өндіруші мекеме жұмысымен танысып, «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. «Жумашев Гани» кәсіпорнына тиесілі «Good food» дәмханасы «Тамақтану қызметтері» және «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды.

Жергілікті өкіл Абдусаламов Жарасхан міндетті аудит жұмыстары мен оқу-семинар шараларын жүргізді. «Good food» фаст-фуд дәмханасына берілген «ҚМДБ халал» сертификаты 07.09.2020- 06.09.2021 мерзімі аралығында жарамды. Халал әрі дәмді фаст-фуд әзірлейтін «Good food» дәмханасы Ақтөбе қаласының Сәтпаев көшесінде орналасқан.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру