Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Ырғыз мешіттерінің жұмысы тексерілді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 23.09.2020 2894 0 пікір
Ақтөбе: Ырғыз мешіттерінің жұмысы тексерілді

Ақтөбе облыстық өкілдігі өңірдегі мешіттер мен діни қызметкерлердің жұмысына мониторинг жасап, оларға әдістемелік көмегін көрсетіп келеді. Аталмыш бағытта «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Алмат Әли Ырғыз ауданына іс-сапармен барды.

Ауданға жол тартқан наиб имам алдымен Қызылжар ауылдық округі, Құрылыс ауылында ауыл тұрғындарымен жүздесіп, халықтың діни сұрақтарына жауап берді. Одан әрі аудан орталығындағы мешітте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, қараша айында халыққа пайдалануға берілуін қаматамасыз етуін тапсырды. Сондай-ақ, Алла үйін қысқы маусымға дайындап, жылыту жұмыстарын жүргізілуін пысықтады.

Сонымен қатар, А.Әли Құрылыс ауылы әкімінің орынбасары Марс Сейілхановпен жолықты. Ауылдық әкімдіктегі кездесу барысында жергілікті жердегі діни ахуал сөз болып, дін қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайлары мен өңірге діни кадр тарту мәселелерін тілге тиек етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру