Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау имамдары семинар-тренингке қатысты

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 22.09.2020 2251 0 пікір
Маңғыстау имамдары семинар-тренингке қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының елдегі қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды жұмыс бағыттарының бірі – деструктивті және радикалды діни ағымдар идеологиясының таралуының алдын алу және осы идеологиядан зардап шеккен жандарды оңалту. Осы орайда, 17-19 қыркүйек күндері Ақтау қаласында Маңғыстау өңірінің имамдары біліктілікті арттыру семинар-тренингіне қатысты.

Семинар-тренинг кезінде имамдарға зорлық-зомбылық экстремизмімен күреске қатысты мемлекеттің бастамалары туралы ақпаратқа қоғамның қол жеткізуін жақсарту, ақпараттың ашық және қолжетімді болуына көмектесу, төтенше жағдай кезінде қоғамға ақпарат берудің озық тәжірибесін ұсыну, экстремистік топтар тарататын жалған ақпаратқа қарсы тұру үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен серіктес болу және тағы басқа мәселелер бойынша дәрістер оқылды.

Іс-шараны тәжірибелі эксперт-мамандар, атап айтқанда, «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Аманжол Оразбаев, осы бірлестіктің оқыту-әдістемелік оңалту орталығының жетекшісі Мирхат Мадияров және танымал журналист Дина Төлепберген жүргізді.

Өңіріміздің имамдары семинар-тренинг жұмысына белсенді түрде қатысып, өздерінің қызметіне қажетті мәліметтермен толықтай танысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру