Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Сұлтан: Тұрғындар арасында викториналық ойын өтті

muslim.kz 22.09.2020 5063 0 пікір
Нұр-Сұлтан: Тұрғындар арасында викториналық ойын өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің ұйытқы болуымен кеше «1000 жылда бір туатын тұлғалар» атты елорда тұрғындары арасында викториналық ойын өткізілді. Елорда төріндегі «Ханшатыр» сауда орталығында өткен білім сайысының негізгі сұрақтары ұлтымыздың мақтанышы, ұлы тұлғалар Абай Құнанбайұлы мен Әл-Фараби бабамыздың өміріне арналды.

Данышпан бабаларымыздың биылғы жылға дөп келген мерейтойларына орай қоғам арасында құнды мұраларын насихаттап, ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған бұл шара аясында 30-ға жуық жан тосын сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, қаумалаған көпшілік пен ұйымдастыруышлардың көңілінен шығып, өз білімдерімен тәнті етті.

Айта кетейік, викториналық ойынға қатысушылардың барлығы ұйымдастырушылар атынан арнайы сыйлықтар берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру