Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Мешіт құрылысын қадағалады

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 22.09.2020 2225 0 пікір
Ақтөбе: Мешіт құрылысын қадағалады

Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан Мәртөк ауданы Жайсаң ауылында салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты.

Нысан алаңындағы кездесуге аудан әкімінің орынбасары Медет Искаков, ЖСН Холдингінің бас директоры Асембек Мұратқалиев және ауыл тұрғындары қатысты.

Ауылдық имандылық үйін салуды қолға алған кәсіпкер Асембек Нығметуллаұлы құрылыс жұмыстары туралы баяндады. Кәсіпкердің айтуынша, карантин шаралары мешіт құрылысын қарқынды түрде жүргізуге кедергі келтіріп отыр. Өз кезегінде бас имам Төлеби Дәділұлы мешіт құрылысына қатысты өз ойын бөлісті. Мешіт сақалды құрылысқа айналмас үшін нысанды тездетіп аяқтау жұмыстары пысықталды. 

Мешіт еңселі болу үшін 2 метр биіктікте фундаменті құйылып, айналасы тегістелуде. Ғибадатханамен бірге 200 адамға арналған ас-садақа өткізетін асхана салынбақ. Жайсаң ауылдық мешіті 2021 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру