Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халал Даму»: Ырғыз ауданында семинар өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 21.09.2020 2313 0 пікір
«Халал Даму»: Ырғыз ауданында семинар өтті

ҚМДБ «Халал Даму» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Жарасхан Әбдісаламов Ырғыз ауданына арнайы іс-сапармен барды. Аудандық мешітке жиналған жергілікті саудагерлер, кіші кәсіп иелері мен қасапшыларға арнайы семинар-тренинг өткізді.

Жиын барысында халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптарының орындалуы, сондай-ақ өндіріс аймағының санитарлық талаптарға сай болуы және мал союда шариғат бойынша сақталуы тиіс негізгі талаптардың басты назарда болу керектігін айтты.

«Ел мұсылмандары тұтынатын ас-суы мен тұрмыстық құралдарына дейін адалдан болуына аса мән беріп, халал өнімдерге деген сұраныс артып келеді. ҚМДБ жанынан «Халал Даму» бөлімі ашылғалы бері еліміздегі бірқатар кәсіпорындар мен сауда орындары «Халал Даму» тексерісінен өтіп, халал сертификатын алуда. Сондай-ақ, шариғат бойынша мал союдың ережелері мен талаптарын үйрететін семинар-тренингтер өткізу арқылы еліміздегі қасапшыларға «халал қасапшы» сертификаттарын беріп, олардың қатары көбейіп келе жатқанын ерекше атап өтуге болады» дейді Ж.Әбдісаламов

Семинар соңында Жарасхан Киікбайұлы шараға қатысушалардың сұрақтарына жауап беріп, олардың жұмысының аса маңызды екендігін жеткізіп, кәсіптеріне сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру