Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы – халал сертификатын көп алған аймақ

"Халал Даму" ЖШС 19.09.2020 2122 0 пікір
Алматы – халал сертификатын көп алған аймақ

«Халал Даму» ЖШС Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан қала аудандарының жауапты бақылаушыларымен кездесу өткізді.   

Келелі басқосуда жауапты өкіл Чадаев Маратхан: «Алматы қаласы – ҚМДБ-ның халал сертификатын ең көп алған аймақ. Осыған орай, қаладағы халал сертикат алған мекемелер мен өндіріс орындарын ай сайын тексеріп тұру қажет. Бұл істе аудандардың жауапты бақылаушыларының орны ерекше», – деп күн тәртібіндегі мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ жиын соңында ҚМДБ Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің тапсырмасына орай, қалада ҚМДБ-ның халал стандарты бойынша жұмыс істейтін өндіріс орындарының санын көбейтуге баса назар аудару керектігі айтылды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру