Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Аудан имамдарының есебі тыңдалды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 19.08.2020 2239 0 пікір
Маңғыстау: Аудан имамдарының есебі тыңдалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлының төрағалығымен өңірге қарасты аудан имамдарының жарты жылдық есеп беру жиналысы өтті.

Аталмыш басқосу барысында ҚМДБ тарапынан бекітілген дәстүрлі төрт бағыттан бөлек, карантин уақытындағы мешіттердің тұрмыс-тіршілігі, онлайн уағыз насихат, Рамазан айы мен Құрбан айт мерекесі кезіндегі жұмыстардың есебі тыңдалып, алдағы жұмыс жоспарлары пысықталды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «мешіт есіктері жабылғанымен, сауап есіктері жабылған жоқ» деген үндеуін басшылыққа алған Маңғыстау имамдарының көптеген қайырымдылық іс-шараларын өткізіп, жергілікті халыққа аз да болса демеу болуы - күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде қарастырылды.

Осыған байланысты, бас имам Әнуар Ізімбайұлы өз сөзінде: «Мешіттеріміз жабық болғанымен, бізге артылған жауапкершілік азайған жоқ. Қайырымдылық іс-шаралары, оқу-ағарту, уағыз-насихат жұмыстары жыл бойы тоқтамайды. Алдымызда «Мектепке жол» акциясы келе жатыр. Сол себепті баршаңызды елімізге, халқымызға барынша қызмет етуге үндеймін», - деп айтып өтті.

Аудан имамдарының есептері тыңдалып біткеннен кейін, «Құрбан – 2020» қайырымдылық іс-шарасына белсене атсалысып, абыроймен еңбек еткен имамдар мен еріктілерге, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан алғыс хаттар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру