Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау өкілдігі «Мектепке жол» акциясына атсалысуға шақырады

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 19.08.2020 2222 0 пікір
Маңғыстау өкілдігі «Мектепке жол» акциясына атсалысуға шақырады

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, биылғы оқу жылы өзгеше басталмақ. Мектеп жасындағы кішкентай бүлдіршіндеріміз сабақтарын қашықтықтан оқуға мәжбүр.

Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын Маңғыстау өкілдігі де қолға алып, өңір тұрғындарын қайырымдылық акциясына атсалысуға шақырады.

«Мұқтаж жанның қажеттілігіне көмек қолын созудың сауабы үлкен екені белгілі. Білім жолындағы оқушының қажеттілігін өтеудің сауабы, Алла жазса, еселеніп беріледі. Сол себепті, сауапты істен құр қалмайық, ағайын. Жиналған қаражатқа мектеп оқушыларының сабақтарына ең қажетті құрал – планшеттер алынады» дейді Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру