Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Жастарға арналған онлайн тренинг өтті

Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 19.08.2020 2501 0 пікір
Талдықорған: Жастарға арналған онлайн тренинг өтті

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өкілдікке қарасты қала-аудандағы жастар бағыты бойынша қызмет атқаратын жас имамдарға мен секторға жауапты мамандарға арналған «Жастарға діни бағыт-бағдар беруде жалған ақпараттардың алдын алу мәселелері мен насихат жұмыстарын ұйымдастыру» атты семинар-тренинг өтті.

ҚМДБ-ның Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Рахымұлы мен Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлының ұйытқы болуымен өткізілген онлайн жиынды ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша Жастар ісі секторының меңгерушісі Ерлан Кеңесбекұлы бастап берді.

Шарада Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға қарасты орталық басшысының орынбасары Ержан Дәулетбаев «Насихатты жүргізу жолдары, сөз сөйлеу шеберлігі, шешендік қабілетті шыңдау» туралы дәріс өткізсе, Алматы облысы дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Айдос Игенбай «Интернеттегі кері ағымдардың жұмыс бағдары» жайында сөз қозғады.

Ал ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша медиа бөлімінің маманы Бақыткелді Жамбыл имамдарға интернеттің техникалық бағыты бойынша видео-слайд форматында дәріс өткізді.

Тренинг барысында көптеген сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар берілді. Семинар имам-ұстаздарға жастармен жұмыс жасауда, оңтайлылылық, әдіскерлік, сөз саптау шеберлігіне баулу, бағдар салу мақсатында өткізілді.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру