Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Шәкірттің оқу ақысын төлеп берді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 19.08.2020 2089 0 пікір
ШҚО: Шәкірттің оқу ақысын төлеп берді

Шығыс Қазақстан облысы Алтай аудандық «Ақтан» мешіті тұрмысы төмен отбасыларды қолдау бағытында бірқатар қайырымдылық шараларын жасап келеді.

Бұл жолы «Ақтан» мешіті Нұр-Мүбарак университетіне оқуға қабылданған Қайыргелді Төлегеновтың жылдық оқу ақысын төлеп берді.

«Біз діни оқуға бара жатқан бауырымызды қолдау мақсатында 350 мың теңге көлемінде қаржы бердік. Мешітіміздің жұмыстарына көмек көрсетіп жүрген бауырымыз бұл қаржыны оқу ақысына жұмсағалы отыр. Асыл дініміздің тағылымынан сусындауға бара жатқан талапты жасты қолдау маңызды» деді «Ақтан» мешітінің бас имамы Мирас Көкебаев.

Діни жоғары білім алуға аттанып бара жақтан жас талапкер аудан мешітінің өзіне зор қолдау көрсеткеніне алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру