Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қайырымдылық керуені» Жетібай ауылына жол тартты

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 18.08.2020 2784 0 пікір
«Қайырымдылық керуені» Жетібай ауылына жол тартты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметінің дәстүрлі бағыттарының бірі  – қайырымдылық. Осы орайда, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Қайырымдылық керуені» бастамасы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінен Қарақия ауданы Жетібай ауылының әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына тұрмысқа қажетті азық-түлік жөнелтілді.

«Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау, қамқорлық таныту. ҚМДБ тарапынан бастау алған бұл іс-шаралар біздің өңірімізде әрі қарай да жалғасын табады. Алла жолдарыңызды оң қылсын. Сәтті сапар тілеймін!», - деді Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы.

Айта кетейік, бұл жолғы көмек тұрмыс жағдайы төмен 50 отбасына арналып отыр. Аталмыш көмек аясында арнайы азық-түлік себеттері (ұн, макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, қант, сұйық май, шай) үлестіріледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру