Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Аймақта имамдар көбейіп келеді

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 17.08.2020 2531 0 пікір
Ақтөбе: Аймақта имамдар көбейіп келеді

Ақтөбе облысында жыл өткен сайын діни білімі жоғары имамдар саны артып келеді. Биыл мүфтияттың қолдауымен Нұр-Мүбарак университетінің 9 түлегі және медресе-колледждердің 9 шәкірті Ақтөбе облысындағы мешіттерге жұмысқа орналасты.

Бір қуантарлығы – барлығы да жергілікті Ақтөбенің тумалары. Бұл өз кезегінде діни кадрлардың тұрақты қызмет етуіне мүмкіндік бермек. Ақтөбе облысындағы мешіттерде биыл діни білімі жоғары және орта діни мамандардың көрсеткіші 76 пайызға жетіп отыр.

Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұжымына 3 бірдей наиб имамды таныстырды. Олардың бірі – Нұр-Мүбарак университетінің түлегі, екі қырағаттан ижазасы бар Бекжан қари Әлденов. Құранды толық жаттаған қаридың облыстық бас мешітке наиб имам болуы ақтөбелік жамағат үшін үлкен олжа болып отыр. Бекжан қари алдағы уақытта бар күш-жігерін жас қарилар дайындауға жұмсамақ.

Екінші жаңа наиб имам – Нұр-Мүбарак университетінің биылғы түлегі Махамбет Бисенов. Араб, орыс тілдерін жетік меңгерген Махамбет Серікұлы орыс тілінде уағыз-насихат жүргізеді. Сондай-ақ үшінші наиб имам жауапкершілігінің тізгінін ұстаған Хромтау ауданында 18 жыл бас имам болып қызмет еткен Алмат Али. Ол бар тәжірбиесін әрі қарай облыстық орталық мешіттің қызметін жандандыруға жұмсайды.

Бас имам Төлеби Дәділұлы жаңадан тағайындалған наиб имамдардың қызметтеріне сәттілік тіледі. «Мүфтият сіздердің білімдеріңіз бен біліктіліктеріңізді ескеріп, облыстық орталық мешітке наиб имам ретінде тағайындап отыр. Облыстық мешіт үйлестіруші орталық болғандықтан, мұнда артылатын жауапкершілік те екі есе болмақ. Сондықтан бар күш-жігерлеріңізді асыл дініміздің көркеюі мен мешіт қызметінің жандануына жұмсауға шақырамын» деді ол.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру