Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: 30 отбасыға қайырымдылық жасалды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 17.08.2020 2358 0 пікір
Шымкент: 30 отбасыға қайырымдылық жасалды

Шымкент қалалық «Зекет» қоры мен Әл-Фараби ауданы, Сәуле мөлтек ауданы «Сәуле» мешітінің ұйымдастыруымен мешіті «#Бізбіргеміз» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Шара барысында Шымкент қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Әзімбаев пен «Сәуле» мешітінің имамы Нұрсұлтан Орынбаевтар шараның негізгі мақсатына тоқталып, халықты сабырға шақырып, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында қолға алынып отырған игі шараларды атап өтті.

Шара барысында індеттен тезірек құтылу үшін дұға етіп, арнайы мал сойылып, құрбандық еттері көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 30 отбасыға жеткізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру