Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: 700 шаршы метр кілем ауыл мешіттеріне жөнелтілді

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 15.08.2020 2269 0 пікір
Тараз: 700 шаршы метр кілем ауыл мешіттеріне жөнелтілді

Осыдан бірнеше күн бұрын еліміздің ең үлкен құлшылық орны Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің кілемі жаңартылды. Бұған дейін жалпы аумағы 17,7 мың шаршы метрді құрайтын мешіт төсеніші ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен кілемі жоқ немесе ескі шалғайда жатқан аудан, ауыл мешіттеріне жіберілді. 

Жамбыл облысы бойынша 8 сұраныс жасалып, барлығы жеткізіліп берілді. Облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың қатысуымен өңірге келген 700 шаршы метр болатын кілем тиісті мешіттерге жөнелтілді. 

Атап айтсақ, Жуалы ауданының 3 мешітіне, Жамбыл ауданының 3 мешітіне және Т.Рысұлов ауданына бойынша 2 мешітке жеткізілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру