Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Емделушіге ингаляция аппараты табысталды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 15.08.2020 2351 0 пікір
Шымкент: Емделушіге ингаляция аппараты табысталды

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Жүрек жылуы» атты акциясы жалғасын табуда.

Акция барысында емделушілер ең қажетті деген дәрі-дәмектермен қатар құрал-жабдықтар (дене қызуын, қан қысымын өлшегіш құралдар, т.б.) қамтылып келеді.

Осындай игі істе, індеттің тез жойылып, бұрынғы жайма жуақ күндерімізге тезірек жетуді ниет еткен Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов пен Шымкент қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Әзімбаевтың ұйытқы болуымен бүгінде ауруханадан шығып, үй жағдайында күтімде жүрген азаматқа ингаляция аппараты табысталды.

Бас имам Бақдәулет Нұрматұлының айтуынша, бұл бағыттағы қайырымдылық жұмыстар қайырымды һәм жомарт жандардың көмегімен жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру