Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Облыстық мешіт мамандармен толықты

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 12.08.2020 2437 0 пікір
Қызылорда: Облыстық мешіт мамандармен толықты

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жаңа мамандармен толықты. Атап айтар болсақ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Әлішер Ақбаев және Ислам Қаюпов облыстық мешітке наиб имам болып тағайындалды.

Әлішер Ақбаев 1988 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2011-2015 жылдары Нұр-Мүбарак университетінің «Исламтану» мамандығын тәмамдаған. Әр жылдары жылдары «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде имам, Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі «Жәрімбет» мешітінде бас имам, Қызылорда қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінде бас имам болып қызмет істеген.

Ислам Қаюпов 1994 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 2015-2018 жылдары «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін,  2018-2020 жылдары Нұр-Мүбарак университетін тәмамдағын. Бұған дейін Қызылорда қалалық «Сұлтан» мешітінде наиб имам қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру