Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІ АУРУХАНАЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР ТАРТУ ЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 05.08.2020 2797 0 пікір
ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІ АУРУХАНАЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР ТАРТУ ЕТТІ (ФОТО)

Елорда мешіттері елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап халыққа мейлінше қол ұшын беріп келеді. Осы үрдіс бойынша бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі Елордамыздағы төрт ауруханаға денедегі сатурация деңгейін анықтайтын медициналық құрылғыларды тарту етті.

Атап өтсек, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтың басшылығымен №1 Қалалық аурухана, №2 Перинаталдық орталық, Нұр-Сұлтан қаласының орталық жол ауруханасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Көпсалалы медицина орталығына» жоғарыда аталған медициналық құрылғылар халық игілігі үшін табыс етілді.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта аты жаман аурудың біршама беті қайтқан көрінеді. Десе де, қиын-қыстау кезеңде мүмкіндігінше қол ұшын беріп, қолдау білдіріп жатқан ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне өз алғыстарын айтып жатты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру