Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ 500 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 05.08.2020 2760 0 пікір
АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ 500 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен іске асқан QURBAN-2020 онлайн қайырымдылық акциясы аясында Алматы Орталық мешітінің ұйымдастыруымен 500 отбасыға әлеуметтік (азық-түлік) көмек көрсетілді.

Атаулы әлеуметтік көмек әрбір отбасыға Алматы Орталық мешіті әзірлеген арнайы көліктер арқылы үйлеріне дейін жеткізіліп берілді.

Ел арасын жұқпалы індет жайлап, карантин режимі енгізілген уақытта қаржылай тұралаған отбысыларға қарлығаштың қанатымен су сепкендей көмек көрсетіп, аталған акцияға үлес қосқан барша жанашыр жамағат пен қайырымды азаматтарға, соның ішінде «Magnum» сауда үйіне ерекше алғыс білдіреміз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру